"ҮЛГІЛІ ДӘПТЕР" КӨРМЕСІ » «Тұран-555» негізгі орта мектебі»
«Тұран-555» негізгі орта мектебі»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Түркістан облысы,Сарыағаш қаласы, Самал м/а, Тұран 19
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 749-43-48
Есепші бөлімі:
+7(702) 749-43-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ақпан
2025

"ҮЛГІЛІ ДӘПТЕР" КӨРМЕСІ

whatsapp-video-2025-03-04-at-10_22_39.mp4 [5,15 Mb] (cкачиваний: 1)  

«Үлгілі дәптер» көрмесі бойынша анықтама

13 ақпан күні жоспарға сай 5-8-сынып оқушылары арасында оқушылардың жазу үлгісінің әдемі болуын, пән дәптерлерінің талапқа сай болуын, пән мұғалімдерінің уақытылы тексеріп, кері байланыс беріп отыруын қадағалау мақсатында «Үлгілі дәптер» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жалпы 5А-сыныбынан 9 дәптер, 5Ә-сыныбынан 8 дәптер, 5Б-сыныбынан 3 дәптер, 5В-сыныбынан 4 дәптер, 5Г-сыныбынан 1 дәптер, 6А-сыныбынан 3 дәптер, 7А-сыныбынан 6 дәптер, 7Ә-сыныбынан 13 дәптер, 8А-сыныбынан 5 дәптер қойылды. Көрмеге ешқандай дәптер қоймаған сыныптар 6Ә-сыныбы мен 7Б-сыныптары болды. Көрме барысында оқушылар үлгілі дәптерлерді көріп, өздерінің де дәптерлерін сол үлгіде жасауға болатыны жайлы ой түйді. 

      Үлгілі дәптер мынадай талаптарға сай болуы керек:

  1. Жазу үлгісінің көркем болуы;
  2. Дәптер қапталған, уақытылы тексерілген болуы;
  3. Мұғалімнің кері байланысының болуы;
  4. Әмбебаптылығы (бір оқушының бірнеше пәннен дәптер беруі);

      Осындай талаптарды негізге алып, комиссия мүшелері мынадай қорытынды шығарды.  Бас жүлдені 5А-сынып оқушысы Кенжібек Адина, 1-орынды 7Ә-сынып оқушысы Рысбай Шерім, 2-орынды 5Ә-сынып оқушысы Қынабек Айғаным, 2-орынды 5Ә-сынып оқушысы Махаш Айжан, 3-орынды 7Ә-сынып оқушысы Азамат Кәусар, Жолдасбек Құралай, 7А-сынып оқушысы Тасбай Әдемі иемденді. 


whatsapp-video-2025-03-04-at-10_25_08.mp4 [5,63 Mb] (cкачиваний: 1)
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив