06
желтоқсан
2024
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША АПТАЛЫҚТА ӨТІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР
Посмотреть онлайн файл: aptaly-mif.pdf
Жоспарға сәйкес 9 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында математика, физика, информатика пәндері бойынша "Математика - технократияның кілті" атты тақырыпта апталық өтті. Пән мұғалімдері апталықтың жоспарына сай ашық сабақтар мен сайыс сабақтар өткізді. Апталықтың ашылуы кезінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жасанды интеллект арқылы бірнеше ойындар, сұрақ-жауап, сыйлықтар берілді. Пән мұғалімдері Утегенов Олжас 7Б-сыныбына "Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы" атты тақырыпта, Байзакова Сабина 5Ә-сыныбына "Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу" атты тақырыпта, Оралхан Ұлданай 8А-сыныбына физика пәнінен "Электрсыйымдылық. Конденсатор" атты тақырыпта, Сатемирова Туймегул 7А-сыныбына "Үшбұрыштарға есептер шешу" атты тақырыпта, Аптықай Аян 6А-сыныбына "Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру" атты тақырыпта ашық сабақтар өтті. Сонымен қатар, Байзакова Сабина 6-сыныптар арасында "Кім жүйрік?" деген тақырыпта сайыс сабақ өткізді. 5-сыныптар арасында спорт залда Утегенов Олжас математикалық эстафета өткізді. Аптықай Аян "Мұғалімдер үшін ең қажетті жасанды интеллект бағдарламалары" атты тақырыпта семинар-тренинг өткізді. Апталық барысында тақырыпқа сәйкес оқушылар қабырға газеттерін ілді. Апталықтың соңында белсенді оқушылар мен сыныптар мадақталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.