21
қаңтар
2025
ІЛЕС ДАНА АШЫҚ САБАҚ
Посмотреть онлайн файл: mzh-ashy-saba-les-d_m.pdf
Апталықтың жоспарына сай Ілес Дана 8"А"сыныбына қазақ тілі пәнінен "Қызыл кітап" атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақ оқу бағдарламасына негізделген мынадай мақсаттан тұрды 8.4.4.2.тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану. Сабақ барысында оқушылар сөйлем мүшелері жайлы толыққанды мағлұмат алғандығы көрініп тұр. Үй тапсырмасын да соған байланысты сұрақ-жауаптармен пысықтады. Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс та өз деңгейінде орындалды. Тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдана білді. Видеоролик көрсетіп, ол жайлы оқушылардан кері байланыс та жасай алды. "Өрмекші торы" әдісі тиімді болды. Уақытты да үнемді пайдаланып, дер кезінде бағалап отырды.