04
наурыз
2025
ӘЛІШЕР АЙМАН ТӘРБИЕ САҒАТЫ
[attachment=473] Тәрбие саласының жылдық жоспарына сәйкес 6Ә-сынып жетекшісі Әлішер Айман "Ана - гүл, ана - өмір шырағы" атты тақырыпта сыныптан тыс ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағат барысында оқушылар ана туралы өлең шумақтарын оқып, ән салып, би билеп, көріністер көрсетіп бар өнерлерін салды. Ана туралы әндерді хормен орындап, келген қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Тәрбие сағат соңында ұлдар өз аналарымен вальске түсіп, аналарқуаныштан көздеріне жас алып, сынып жетекшісі Әлішер Айманға алғыстарын білдірді.



