27
қаңтар
2025
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША АПТАЛЫҚ
[attachment=449] 27 қаңтар мен 31 қаңтар күндері химия, биология, тарих және география пәндері бойынша жылдық жоспарға сәйкес апталық өтті. Апталықтың жоспары бойынша пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс сайыс сабақтар өткізді.Оқушылар жан-жақты болуға, функционалды сауатты болуға дағдыланды. Сайыс сабақ барысында тапсырмалар өте қызықты болды. Өйткені өмірмен байланысты тапсырмалар көбірек берілді. Аптаның соңында белсенді қатысқан оқушыларды назардан тыс қалдырмай марапаттап, сыйлықтар берілді.



