"ЕСІРТКІ ТАЖАЛ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕС, ӘҢГІМЕЛЕР ЖҮРГІЗІЛДІ » «Тұран-555» негізгі орта мектебі»
«Тұран-555» негізгі орта мектебі»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Түркістан облысы,Сарыағаш қаласы, Самал м/а, Тұран 19
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 749-43-48
Есепші бөлімі:
+7(702) 749-43-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЕСІРТКІ ТАЖАЛ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕС, ӘҢГІМЕЛЕР ЖҮРГІЗІЛДІ
14
мамыр
2024

"ЕСІРТКІ ТАЖАЛ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕС, ӘҢГІМЕЛЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор, семена эклаты и мака тамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген.
 
 Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені олардың да құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.
 
 Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін ,мінез-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне ұшыратады,нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, ғашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.

Жер бетіндегі ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі қай халықтың болса да болашағы дәл бүгінгі таңдағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты, себебі ұрпақ жалғастығы тек дені сау ұрпақтарда ғана болмақ.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив